$name
Қоғамдастықты тарту
Қоғамдастық - Linde компаниясының корпоративтік құндылығы. Өзіміз тұратын және жұмыс істейтін қоғамдастықтармен байланыс орнату және төзімділік деңгейін арттыру біз үшін негізгі басымдық болып табылады. Біздің жаһандық қайырымдылық және қоғамдастықты тарту бойынша күш-жігеріміз негізгі салаларға бағдарланған әр ісімізде көптеген ықпалды жобаларға бастама болады. Қайырымдылық жарналарын, еріктілер мен стратегиялық инвестицияларды қамтитын жұмыстар арқылы біздің адамдарымыз күн сайын ортақ миссиямызды орындауда, яғни әлемімізді тұрақты, өнімдірек етуде.
Linde компаниясының «Қоғамдастықты тарту» бағдарламасы туралы көбірек біліңіз
Linde компаниясындағы әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік
Linde компаниясы 80-нен астам елде жұмыс істейді. Әртүрлілік Linde компаниясының ермегі емес, оның болмысы:
- Linde тұтынушылардың алуан түріне қызмет көрсетеді. Біздің инженерлік, газ және қолданбалы технологияларымыз кез келген типтегі және көлемдегі бизнес үшін, сондай-ақ бүкіл әлемдегі жеке тұлғалар үшін өте маңызды.
- Біздің адамдарымыз алуан түрлі. Дүние жүзіндегі біздің қызметкерлеріміздің әрқайсысы өздерінің алуан түрлі білімдерін, дағдыларын және тәжірибелерін ұсынады және әлемімізді тұрақты, өнімдірек ету миссиясына қол жеткізуге көмектесетін бірлескен, инновациялық және өнімділікке негізделген жұмыс орнын дамытуға көмектеседі.
- Linde компаниясында инклюзивтілік негізгі құндылық болып табылады. Бұл дегеніміз - ортасы мен тәжірибесі әртүрлі адамдар өз идеяларын ашық айта алатын, оны тыңдап, үлес қосуына мүмкіндік беретін қолайлы ортаны қалыптастыруға тырысып жатырмыз.
Linde компаниясындағы әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік туралы көбірек біліңіз
Неліктен Linde компаниясын таңдау керек?
Linde - 2024 жылы сатылымы 33 миллиард долларды құраған жағандық жетекші өнеркәсіптік газ өндіру мен инжиниринг компаниясы. Біз өз клиенттерімізге табысты болуға және қолдау көрсетуге, планетамызды сақтауға және қорғауға көмектесетін жоғары сапалы шешімдерді, технологиялар мен қызметтерді ұсыну арқылы әлемімізді тұрақты, өнімдірек ету миссиямызды жүзеге асырамыз. Біздің өнеркәсіптік газдарымыз бен технологияларымыз көптеген өнімдерде пайдаланылады, солардың ішінде энергияның ауысуы үшін маңызды таза сутегі, өмірді сақтайтын медициналық оттегі және электроникаға арналған өте таза және арнайы газдар бар. 50 жылдан астам уақыт бойы Linde сутегі саласындағы жаһандық көшбасшы болып келеді және таза энергияны бүкіл әлемге тарату үшін маңызды активтер базасы мен тәжірибесі арқылы өзінің инженерлік мүмкіндіктерін пайдалануда. Linde компаниясында капитал тәртібін сақтай отырып, ең жақсы қаржылық көрсеткіштерді қамтамасыз ететін, бизнеске иелік ету менталитеті бар ерекше команда еңбек етеді.
Неліктен Linde компаниясын таңдау керектігі туралы көбірек біліңіз